jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Бұйрық күшіне енді: Қазақстанда темекі қымбаттады

темекі
Темекі. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Елімізде темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы 12,1 пайызға өсіп, 920 теңгеге жетті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 "Сүзгісі бар, сүзгісіз темекіге, папиросқа, сигарилаға және қыздырылатын темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеу туралы" бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Бұйрыққа сәйкес, 20 дана сүзгісі бар, сүзгісіз темекіге, папиросқа, сигариллаға және қыздырылатын темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағасы келесідей:

  • 920 теңге – 2025 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда (бұған дейінгі баға – 820 теңге);
  •  970 теңге – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап (бұрын – 870 теңге).

Бұйрық 2025 жылғы 1 шілде де күшіне енді. 

Бұйрық күшіне енді: Қазақстанда темекі қымбаттады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.