jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

2,5 сағатта жетуге болады: Астанадан Бурабайға жаңа электрпойыз қатынай бастады

Burabay Express жаңа электрпойызы
Burabay Express жаңа электрпойызы. Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

Астана – Бурабай бағыты бойынша Burabay Express жаңа электрпойызы қатынай бастады, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа электрпойызбен елордадан Қазақстанның ең танымал туристік бағыттарының біріне небәрі 2,5 сағатта жетуге болады.

Burabay Express аптасына бес рет жүреді. Жолаушылар билетті пойыз жөнелтілетін уақытқа дейін 45 күн бұрын сатып ала алады. Жол жүру құны: бірінші класты вагонда 5 805 теңге, екінші класты вагонда 3 586 теңге, үшінші класты вагонда 2 962 теңге.

Астанадан электрпойыз таңертең сағат 11:00-де жөнелтіледі және Бурабайға сағат 13:35-те жетеді, ал Бурабай курортынан осы күні сағат 14:15-те шығып, елордаға сағат 17:00-де келеді.

Пойызға елорданың екі вокзалынан да отыруға болады.

Burabay Express жаңа электрпойызы
Burabay Express жаңа электрпойызы. Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ

2,5 сағатта жетуге болады: Астанадан Бурабайға жаңа электрпойыз қатынай бастады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.