jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстан президенті резиденцияларының бірі қашан оңалту орталығына айналатыны белгілі болды

Президент резиденциясы
Президент резиденциясы. Кадр: 24.kz

Қостанайдағы бұрынғы президент резиденциясы мүгедектігі бар балаларды оңалту орталығына айналатын болды. Бүгінде жұмыстың 80 пайызы аяқталды, деп хабарлайды 24.kz.

Нысан аумағындағы 7 корпустың барлығы балалардың жатып, ем-дом қабылдауы үшін қайта жарақталды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 352 миллион теңге бөлінді. Ал оңалту құрал-жабдықтарын алуға "Қазақстан халқына" қоры бір миллиард теңге берді.

Орталық алдағы күзде ашылады деп жоспарланып отыр. Оңалту мекемесінде психоневрологиялық ауытқуға ұшыраған және тірек-қимыл қозғалысына зақым келген 18 жасқа дейінгі балалар емделеді. 60 орындық орталық жылына 1200 адамды қабылдай алады.

"Бұл орталықтың бірегейлігі неде? Біріншіден, 20 гектар аумақ жасыл желекке оранған. Яғни бала ата-анасымен табиғат аясында демалып, күш-қуат жинайды. Екіншіден, қымбат, заманауи оңалту құрал-жабдықтары балалардың денсаулығын түзеуге игі септігін тигізеді деген ойдамыз", - дейді облыстық Әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Әлия Мекебаева.

Қазақстан президенті резиденцияларының бірі қашан оңалту орталығына айналатыны белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.