jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанда шылым шегетіндер саны былтырмен салыстырғанда 3 пайызға азайған

Стоп жазуы
Темекі түтіні және стоп жазуы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылы Қазақстандағы ересек халықтың темекіні тұтынуы туралы деректі жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ бюроның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросы ересек тұрғындардың темекі тұтынуы туралы кезекті жыл сайынғы зерттеуін жүргізді. Сауалнама республиканың барлық облысында және Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүргізілді. Оған 12 000 үй шаруашылығының 15 жастан асқан бір-бір мүшесі қатысқан.

Алынған нәтижелерге сүйенсек, тексерілген үй шаруашылығы мүшелерінің жалпы санынан қазіргі уақытта халықтың 17,5 пайызы темекі шегеді, 2024 жылы бұл көрсеткіш 20,7 пайыз деңгейінде болған. Темекі тұтынушылардың үлесі ауылдық жерлерде 19,1 пайыз, қалалық жерлерде – 16,7 пайыз. Жалпы темекі шегетін халықтың 93,8 пайызы өнеркәсіпте шығарылған темекі түрін шегеді. Темекі тұтынатындар арасында ерлер 34 пайыз, әйелдер арасында 5 пайызды құрайды.

Темекі тұтыну статистикасы
Темекі тұтыну статистикасы. Инфографика: stat.gov.kz

Қазақстанда шылым шегетіндер саны былтырмен салыстырғанда 3 пайызға азайған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.