jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа уақытша басшы тағайындалды

Дамир Мақсұтұлы Ермағамбетов
Дамир Ермағамбетов. Фото: Алматы қалалық ТЖД ресми сайты

Дамир Мақсұтұлы Ермағамбетов Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайтында Дамир Ермағамбетов 1978 жылы 26 маусымда Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы Федоровка ауылында дүниеге келгені жазылған.

2001 жылы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген.

Ерлігі мен адалдығы үшін Дамир Мақсұтұлы II-ші және I-ші дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.

1995 жылдың қыркүйегінен бастап құқық қорғау органдарында қызмет етеді.

Алматы қаласына келгенге дейін Дамир Мақсұтұлы Қостанай облысы  ТЖД бастығының қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, биыл 11 шілдеде Нұрлан Атығаев Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметінен кеткенін хабарлағанбыз.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа уақытша басшы тағайындалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.