jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Жан-Клод Ван Дамм": оралдық өрт сөндіруші ерекше трюк жасап, желідегілерді тәнті етті (видео)

Видеодан кадр
Видеодан кадр: instagram.com/zkomc

Орал қаласында өрт сөндіруші жүріп бара жатқан екі өрт сөндіру көлігінің үстінде шпагат жасап, желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушісі Жан-Клод Ван Даммның трюгін қайталаған сәтінен видео Instagram желісінде жарияланды.

Ол мұны жүріп келе жатқан екі өрт сөндіру көлігінің ортасында ешқандай қауіпсіздік құралдарынсыз орындаған.

Желі қолданушылары өрт сөндіру көлігімен трюк орындаған құтқарушыға тәнті болып, видеоға пікір қалдырды.

"Мықты, жігіт жарады", "Жан-Клод Вандамм түсірілім кезінде сақтандыру құралдарын пайдаланғаны айдан анық, ал құтқарушы бәрін әдемі орындады, сақтанбады", "Азамат", "Жан-Клод Ван Дамм", - деп жазған олар.

"Жан-Клод Ван Дамм": оралдық өрт сөндіруші ерекше трюк жасап, желідегілерді тәнті етті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.