jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қытайда пранк түсірген блогер Алматы полициясының назарына ілікті

Құжат толтырып отырған полицей
Құжат толтырып отырған полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Полиция қызметкерлері Қытайда пранк түсіремін деп басы дауға қалған отандық блогермен профилактикалық және түсіндіру әңгімесін өткізді, деп хабарлайды Алматы ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, бұған оның әлеуметтік желілерде кеңінен таралған бейнероликтері себеп болды.

"Интернетте таралған бейнелердің бірінде ол серігінің қалтасынан ұялы телефонды алып, оны өтіп бара жатқан Қытай азаматтарына береді. Содан кейін телефонды ұрлап кеткенін айтып, сол адамға нұсқайды. Сонымен қатар ол көшеде және метро станцияларында бейтаныс ер адамдарға жақындап, қолдарынан немесе аяқтарынан ұстап, айналасындағылардың үрейі мен түсінбеушілігін тудырған", - деп хабарлады департамент өкілдері.

Алматы полициясы әңгіме барысында блогер қыз болған жағдайға өкінетінін айтқан.

"Менің видеом ешкімді ренжіту мақсатында түсірілмеген. Бұл ойланбай жарияланған материал болды. Бейнежазбаларым біреуге жағымсыз әсер етсе, кешірім сұраймын. Енді контентті жариялау мәселесіне мұқият қараймын", - деді ол.

Полиция әлеуметтік желілерде материал жариялау кезінде отандастарға да, басқа ел азаматтарына да құрметпен қарау маңызды екенін ескертті.

"Мұндай әрекеттер арандатушылық ретінде қабылданып, қоғамда теріс реакция туғызуы мүмкін", - деді полиция өкілдері.

Қытайда пранк түсірген блогер Алматы полициясының назарына ілікті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.