jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Шымкент әкімінің орынбасарына жасалған қастандық бойынша іс сотқа жіберілді

Руслан Берденов
Руслан Берденов. Фото: t.me/mazhilis_kz

Шымкент мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасады деп айыпталған Ернар Жиенбайға қатысты қылмыстық іс түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нақтылай кетсек, Жиенбай ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айыпталып отыр — 24-баптың 3-бөлігі ("Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") және 99-баптың 1-бөлігі ("Адам өлтіру").

Алдын ала тыңдау 28 шілде күні сағат 10:00-ге белгіленген.

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл 2025 жылдың 21 сәуірінде қала әкімдігі ғимаратының маңында болған. Оған бірнеше рет оқ атылып, жараланған. Кейін шенеунік ауруханаға жеткізіліп, жедел ота жасалды. 23 сәуірде Шымкент әкімдігі оқиғаға байланысты ресми мәлімдеме таратты. Ал 29 сәуірде Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әкім орынбасарының жағдайы тұрақты екенін айтып, оның өздігінен жүріп-тұратынын, бірақ әлі де дәрігерлердің бақылауында екенін хабарлады.

Шымкент әкімінің орынбасарына жасалған қастандық бойынша іс сотқа жіберілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.