Әскери қызметшілер үшін Е-Gov цифрлық порталының аналогы жасалды
Жарияланған күні:
Әскери қызметшілер үшін Е-Gov цифрлық порталының аналогы жасалды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев түсіндіргендей, әскери қызметшінің бірыңғай жеке кабинеті құрылған.
"Мақсат – egov.kz порталы сияқты заманауи, ыңғайлы және ашық жүйе құру, онда әскери қызметші қызмет еткен мерзімін, қашан демалыс алатынын, келесі атақ қашан берілетінін, рапорттар мен бұйрықтарды көреді, сондай-ақ әртүрлі қызметтерді алады. Мұның бәрін әскери е-Gov-қа аударамыз", - деді спикер.
Оның айтуынша, тағы бір цифрлық жоба Jauynger.gov.kz – бұл келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау порталы.
Жоба келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау мерзімін 6 айдан 1 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2268477-askeri-qyzmetshiler-ushin-e-gov-tsifrlyq-portalynyng-analogy-zhasaldy/