jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Маңғыстауда тұңғыш мұз айдыны кешені ашылды

Маңғыстауда тұңғыш мұз айдыны кешені ашылды
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

24 шілдеде Жаңаөзен қаласында ангар типіндегі көпфункционалды мұз айдынының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Игі шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, жергілікті тұрғындарды тарихи оқиғамен құттықтады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды спортқа баулуға әрдайым ерекше мән беріп келеді. Міне соның айқын дәлелі – бүгінгі іс-шара. Жаңа мұз айдынында қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында мәнерлеп сырғанаудан спорт шебері Алена Понкратова арнайы Санкт-Петербургтен шақыртылып, осы кешенде тұрақты жаттықтыру үшін келісімшартқа отырды. Енді ата-аналарға, жаттықтырушылар мен спорт ұйымдарына зор сенім артылып отыр. Жас спортшыларымыз кәсіби жаттықтырушымен бірге жаңа биіктерді бағындырып, жарқын жеңістерге жететініне сеніміміз мол. Көк туымызды көкке көтеретін нағыз саңлақтар осы мұз айдынынан шыға берсін", - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Нұрдәулет Қилыбай
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңа кешеннің құрылысы 2023 жылы басталып, 2024 жылы толық аяқталды. Жоба жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Тренажер залы
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Нысанның жалпы аумағы – 1100 шаршы метр, оның ішінде мұз алаңының аумағы 960 шаршы метрді алып жатыр. Мұз айдыны бір мезетте 500 адамды қабылдай алады. Спорттық кешенде ұлдар мен қыздарға арналған жуыну және киім ауыстыру бөлмелері, жаттықтырушылар мен медициналық қызметкерлерге арналған кабинеттер, сондай-ақ әкімшілік бөлмелер қарастырылған.

Нұрдәулет Қилыбай
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Кешеннің екінші қабатында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілеріне арналған заманауи жаттығу залы орналасқан. Мұнда 10-18 жас аралығындағы алғашқы даярлық топтары мен жас спортшылар кәсіби жаттықтырушылардың жетекшілігімен жаттығады.

Маңғыстауда тұңғыш мұз айдыны кешені ашылды
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдағы уақытта нысанда хоккей, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және керлинг сынды олимпиадалық спорт түрлерінен тегін үйірмелер жұмысын бастайды.

Маңғыстауда тұңғыш мұз айдыны кешені ашылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.