jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Аптап ыстық, бұршақ, шаңды дауыл: демалыс күндері ел аумағында күн райы қандай болады

жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Иллюстрациялық фото: kulkann / Getty Images

Синоптиктер алдағы демалыс күндері ел аумағында күн райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, демалыс күндері Қазақстан аумағындағы бұлтты, ашық ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Мәселен, Солтүстік-батыста, солтүстікте және республиканың орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал.

Сондай-ақ демалыс күндері республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Ауа температурасының жалпы фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Шығыста және оңтүстік-шығыста 42°С-қа дейін аптап ыстық сақталады.

Айта кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері тамызда Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық күтілетінін болжаған еді.

Аптап ыстық, бұршақ, шаңды дауыл: демалыс күндері ел аумағында күн райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.