jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қарағандыда ғимараттың бір бөлігі опырылып түсті (видео)

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: Қарағанды облыстық ТЖД

Қарағандыда құрылысшылар жұмыс істеп жатқан ғимараттың бір бөлігі опырылып түсті. Құтқарушылар 15 адамды қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 шілдеде 15:45-те Қазыбек би атындағы ауданда Ерубаев көшесінде пайдаланылмай жатқан 4 қабатты ғимараттың бір бөлігі опырылған.

Бұған дейін онда банк орналасқан. Ғимарат "Bolashaq" Академиясының корпусының ғимаратына жапсарлас орналасқан, бірақ оның балансындағы нысандар қатарына жатпайды.

Шатырдың ағаш торламасы,үшінші және бірінші қабаттар арасындағы жабындар, ауданы алдын ала дерек бойынша 150 шаршы метр болатын баспалдақ алаңы опырылған.

ТЖД күштерімен ғимараттан 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олар - жөндеу бригадасы. Ғимаратта адамның бар-жоғы тексерілді. Ғимараттың опырылуынан зардап шеккендер жоқ екені анықталды.

Қарағандыда ғимараттың бір бөлігі опырылып түсті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.