jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Астана - Бурабай курорты" бағыты бойынша қосымша электр пойызы қатынайды

пойыз
Пойыз. Иллюстрациялық фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

"Астана - Бурабай курорты" бағыты бойынша қосымша электр пойызы іске қосылды, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Туристер арасында танымал бағыттардың көлік қолжетімділігін арттыру және жолаушыларға жайлы жағдай жасау мақсатында "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Астана-1 – Бурабай курорты" бағытында №6811/6812 қосымша қала маңы электр пойызын іске қосты", - делінген хабарламада.

ҚТЖ-ның мәліметінше, электр пойызы әр сәрсенбі сайын қатынайды. Пойыз Астанадан сағат 11:00-де шығып, 13:35-те Бурабай станциясына жетеді. Кері бағытта 14:15-те жолға шығып, 17:00-де Астанаға оралады.

Пойыз құрамында 4 вагон бар. Жолаушылар үшін 1, 2 және 3-сыныптағы қызмет көрсету түрлері қолжетімді. Вагондар кондиционерлермен, ауа тазарту жүйесімен, биоәжетханалармен, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы орындармен, ыңғайлы орындықтармен, велосипед қоятын орындармен және тегін Wi-Fi желісімен жабдықталған.

Қала маңы бағытындағы жолаушылар пойызына билеттерді жөнелтуге 10 күн қалғанда сатып алуға болады.

Айта кетейік, бұған дейін Астана – Бурабай бағыты бойынша Burabay Express жаңа электрпойызы қатынай бастағанын жазған едік.

"Астана - Бурабай курорты" бағыты бойынша қосымша электр пойызы қатынайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.