jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Жаяу жүргіншілер аллеясына айналады: Алматыда Пушкин көшесінің бір бөлігі жабылады

Алматыдғы аллеялардың бірі
Алматыдғы аллеялардың бірі. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

31 шілдеден бастап Алматыда Пушкин көшесінің бір бөлігі қайта жаңғырту жұмыстары жүргізу үшін жабылады. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл бөлік жаяу жүргіншілерге арналған аллеяға айналып, көлік қозғалысы үшін біржола жабылады. Бұл туралы AlmatyJoly-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының мәліметінше, Пушкин көшесінің бойында (Райымбек батыр даңғылынан Гоголь көшесіне дейінгі аумақта) қайта жаңғырту жобасы басталған.

Осыған байланысты 31 шілдеден бастап құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты Пушкин көшесінің шығыс жағында (Райымбек батыр даңғылынан Мақатаев көшесіне дейін) көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

"Жаңғырту аяқталғаннан кейін бұл бөлік жаяу жүргіншілерге арналған аллеяға айналып, көлік қозғалысы үшін біржола жабылады.

Құрылыс уақытында көлік қозғалысы Пушкин көшесінің батыс жағында оңтүстік бағытта біржақты тәртіпте ұйымдастырылады.

Аталған шектеу шаралары Алматы қаласы полиция департаменті мен Қалалық мобилділік басқармасымен келісілген", - делінген хабарламада.

Жаяу жүргіншілер аллеясына айналады: Алматыда Пушкин көшесінің бір бөлігі жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.