Тоқаевтың Түркияға сапары аясындағы келісім: Қазақстанда Түркия университетінің филиалы ашылады
Жарияланған күні:

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Түркияның беделді жоғары оқу орындарының бірі – Гази университетінің филиалы ресми түрде ашылады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына ресми сапары аясында аталған келісім жүзеге асқан.
"Енді Қазақстан мен Түркия арасындағы білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестік жаңа деңгейге көтерілді. Бұл – халықаралық білім кеңістігіндегі маңызды серпіліс", - делінген хабарламада.
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ – 1937 жылы құрылған, еліміздің оңтүстік өңіріндегі педагогикалық кадрларды даярлайтын іргелі оқу орны.
Гази университеті – 1926 жылы негізі қаланған жетекші университеттерінің бірі. Ол білім беру, ғылым, медицина және өзге де бағыттар бойынша жоғары деңгейдегі мамандар даярлайды.
Естеріңізге сала кетейік, 29 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барды.
Мемлекет басшысының Анкараға ресми сапарының аясында 18 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2270517-toqaevtyng-turkiiaga-sapary-aiasyndagy-kelisim-qazaqstanda-turkiia-universitetining-filialy-ashylady/
