Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жіберілді
Опубликовано:
Читать на русском
Алматы облысында тергеу аяқталып, Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жіберілді, деп хабарлайды облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қадағалау органының баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы Хасан Қасымбаевқа және басқаларға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтап, биыл 21 шілдеде істі айыптау актісімен бірге облыстық прокуратураға жолдады.
2025 жылғы 29 шілдеде облыс прокуратурасы айыптау актісін бекітіп, істі қарау үшін Талғар аудандық сотына жіберді.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді.
Еске салсақ, 4 қарашада желіде "Талғардағы ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі" делінген Хасан Қасымбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратқа Алматы облысы полиция департаменті өкілдері пікір білдіріп, 2024 жылғы 2 қарашада азамат К. 2021 жылдың маусым айында азамат А.-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және адам ұрлады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.
Артынша Алматы облысының полиция департаменті өкілдері "талғарлық ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі" делінген ер адамның ұсталуына қатысты тың мәліметтер жариялады.
Кейін "Талғарлық ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі" деп танылған Хасан Қасымбаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Ведомство өкілдері қазір жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Алматы облысы полиция департаменті Хасан Қасымбаевқа қатысты іс жөнінде мәлімдеме жасады. Полиция өкілдері бұған дейін БАҚ-та шындыққа жанаспайтын ақпарат таралғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ Алматы облысы полиция департаменті өкілдері Хасан Қасымбаевтың ұсталғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді. Облыстық полиция департаменті хабарламасында ұсталған адам марқұм Шерзаттың өлімі үшін емес, 2021 жылғы адам ұрлау дерегіне байланысты тұтқындалғаны айтылған.
- Адвокат Шерзат Болаттың ағасының өліміне қатысты іс тоқтатылғанын хабарлады
- Шерзат Болат ісі бойынша сотталғандар апелляциялық шағым түсірді
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2271897-hasan-qasymbaevtyng-isi-sotqa-zhiberildi/