Адвокат Шерзат Болаттың ағасының өліміне қатысты іс тоқтатылғанын хабарлады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Зардап шеккен тараптың адвокаты Мейірман Шекеев 16 жастағы Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты істің тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Нұрқанаттың ісі тоқтатылған. Алайда біз болашақта істі қайта жандандыру үшін өтінішхат түсіретін боламыз", - деді адвокат Instagram парақшасында.
Еске салайық, 2024 жылғы 4 қазанға қараған түні Талғарда (Алматы облысы) топтық төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болат қаза тапты. Оқиғадан оның ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев та зардап шекті.
Былтыр 9 желтоқсанда Талғар қаласының шет аймағында Нұрқанаттың жансыз денесі табылды. Полиция Нұрқанат Ғайыпбаевтың өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлады. Кейінірек полицейлер оның туысына өлер алдында жазған хатын жариялады.
Биыл 5 маусымда Шерзат Болаттың өліміне қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты.
Кейін Ішкі істер министрлігінің басшысына журналистер Нұрқанат Ғайыпбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы жөнінде сұрақтар қойды. Ержан Сәденов іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын айтты.
- Шерзат Болат ісі бойынша сотталғандар апелляциялық шағым түсірді
- "Маған бір тиын керек емес": Шерзат Болаттың әкесі сотталғандардан түсетін қаржылай өтемақыны балалар үйіне бермек
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2271853-advokat-sherzat-bolattyng-agasynyng-olimine-qatysty-is-toqtatylganyn-habarlady/