jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Екі апта іздеген": балалар үйінен қашып кеткен жасөспірім қыздар Алматы облысынан табылды

"Бағанашыл" балалар үйі
"Бағанашыл" балалар үйі. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы облысы полиция екі апта бойы іздеген балалар үйінің екі тәрбиеленушісі табылды, деп хабарлайды қалалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бүгін 18 шілдеде Алматыдағы балалар мекемесінен өз еркімен екі жасөспірім қыз қашып кеткенін жазған едік. Екі қыз бұған дейін де қашып жүрген, алайда оларды полицейлер тауып, қайта әкелген. Бұл жолы іздеу жұмыстары екі аптаға созылды. Ал Алматы полиция департаменті балалар үйінің тәрбиеленушілерін қалалық қылмыстық полиция қызметкерлері тапқаны туралы ақпарат келіп түсті.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында қыздар Алматы облысы аумағынан табылды. Қазіргі таңда олардың мекемеден қашып кетуінің мән-жайын анықтау үшін екеуі де Бостандық ауданы полиция басқармасына жеткізілген", - делінген қалалық ПД хабарламасында.

"Екі апта іздеген": балалар үйінен қашып кеткен жасөспірім қыздар Алматы облысынан табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.