jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Білім гранты
Түлектерге арналған білім гранты. Фото: freepik.com

Елімізде мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Грант иегерлерінің тізімін мына сілтемеден жүктеп алуға болады.

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026-2027 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімін жариялады.

2025-2026 оқу жылына 77 мыңнан астам грант бөлінді. Оның басым бөлігі, яғни 60 пайызы техникалық бағыттағы мамандықтарға, 20 пайызы педагогикалық мамандықтарға, ал қалған 20 пайызы қажеттілікке байланысты әртүрлі салаға жіктелді.

Сондай-ақ Білім туралы Заңға сәйкес, квоталық категориялар ескерілді. Мысалы:

  • жетім балалар немесе мүгедектігі бар балалар;
  • көп балалы және толық емес отбасынан шыққан балалар;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балаларға арнайы квоталар қарастырылды.

Айта кетейік, мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия құрамында парламент депутаттары, мемлекеттік органдар, бiлiм саласы кәсiподақтарының, "Атамекен" ұлттық кәсiпкерлер палатасының, жоғары оқу орындары қауымдастығының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.

Биылғы жылы конкурсқа қатысу үшін шамамен 113 мың өтініш қабылданды. Талапкерлер арасында ең сұранысқа ие білім беру бағыттары – "Педагогикалық ғылымдар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", сондай-ақ "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар".

Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.