jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Жаңа оқу жылына дайындық: елімізде 500 мың балаға материалдық және әлеуметтік көмек көрсетіледі

оқушы
Оқушылар сабақ үстінде. Көрнекі фото: t.me/KZgovernment

Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында жаңа оқу жылы қарсаңында 500 мың балаға материалдық және әлеуметтік көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жаңа оқу жылы қарсаңында мемлекеттің қолдауына мұқтаж балалардың барлығына дер кезінде материалдық және әлеуметтік көмек көрсетілуге тиіс", - деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр ол үшін биыл 23 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты көзделгенін айтты. Бұл кемінде 500 мың баланы әлеуметтік қолдауға мүмкіндік береді.

"Өңір әкімдері осы жұмысты бақылауға алсын. Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі өңір әкімдіктерімен бірге 1 қыркүйекке дейін барлық оқушыны оқулықтардың толық жиынтығымен қамтамасыз етсін.

Мектептегі тамақтандыру сапасы балалардың денсаулығы мен дамуы үшін маңызды бағыт саналады. Денсаулық сақтау министрлігі мен өңір әкімдіктері тамақтандыру стандарттары мен санитариялық нормалардың сақталуына бақылауды күшейтуі қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жаңа оқу жылына дайындық: елімізде 500 мың балаға материалдық және әлеуметтік көмек көрсетіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.