jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Министр: Университеттерді Алматыдан Қонаевқа көшіру 2030 жылға қарай басталуы мүмкін

Қонаев қаласы
Қонаев қаласы. Фото: Алматы облысы әкімдігі

Үкіметтегі брифингте Ғылым және жоғары білім министрі Алматыдағы жоғары оқу орындарын Қонаевқа көшіруге қанша уақыт кететінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бұл – ұзақ мерзімді жоба, оңай емес. Неге? Өйткені инфрақұрылымды реттеу үшін үлкен қаражат керек. Бұл жаңа қала, яғни, кәріз суларын тазарту құрылыстарын салу, көлік инфрақұрылымын салу, бөлек жылу электр орталығын салу, бөлек сорғы станцияларын салу, кәріз жүйелерін салу, су құбырларын тарту қажет.

Бүгінгі таңда бас жоспар бекітілген, Қонаев қаласын дамыту жоспары бар. "Академқалашыққа" 120 гектардай жер бөлінді, бірақ қазір инфрақұрылымның дайын болғанын күтіп отырмыз", - деді министр Саясат Нұрбек.

Министр қандай жоғары оқу орындары Қонаевқа көшуге қызығушылық танытқанын айтты.

"Алдын ала мәлімет бойынша Сәтбаев университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қыздар педагогикалық университеті және "Қайнар", AlmaU, "Тұран" секілді жекеменшік университеттер қызығушылық танытып отыр.

Алайда бәрі сол инфрақұрылымға келіп тіреледі. Яғни, ЖОО-лар инфрақұрылым салумен айналыса алмайды. Инфрақұрылым тартылса, құрылыс жұмыстары біртіндеп басталады", - деді министр.

Оның айтуынша, инфрақұрылымды дамытуға кем дегенде 1-2 жыл кетсе, құрылыс кезеңі тағы 2-3 жылға созылады. Осылайша, университеттердің алғашқы легі 2030 жылы немесе одан сәл ертерек көшуі мүмкін.

Министр: Университеттерді Алматыдан Қонаевқа көшіру 2030 жылға қарай басталуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.