jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Шерзаттың үйіндегі өрт: прокуратура тергеудің тоқтағанын хабарлады

Алматы облысындағы марқұм Шерзат Болаттың өртенген үйі
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/sakura_777/

Шерзат Болаттың үйіндегі өрт фактісі бойынша тергеу жұмыстары тоқтатылды. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат агенттігі.

Алматы облысының прокуратурасы агенттікке берген жауабында тергеу жұмыстарына қатысты тың деректерді бөлісті.

"Қаржаубай Нұрымовтың үйінде болған өрт фактісі бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 5-тармағына сәйкес (құқықтық көмек көрсетуге байланысты іс жүргізу әрекеттерін орындауға байланысты) тоқтатылды", - делінген прокуратураның жауабында.

Айта кетейік, бұған дейін 17 маусымда Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты тергеу тоқтатылғаны хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, Шерзат Болаттың үйі өткен жылдың 12 қазанында өртеніп кеткен еді. Полиция бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғаған болатын.

Шерзаттың үйіндегі өрт: прокуратура тергеудің тоқтағанын хабарлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.