"Оған еш қатысым жоқ": Берденов әкімдіктегі әріптесінің ұсталуына қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов бүгін ұсталған сәулет басқармасы басшысына қатысты пікір білдірді. Ол шенеуніктің "өзінің адамы" екенін жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Руслан Берденов әріптесі ұсталғаннан кейін Instagram-дағы парақшасында мәлімдеме жасады. Ол сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы ұсталған соң өзіне қатысты жалған ақпарат тарап кеткенін жеткізді.
"Құрметті достар! Ақпараттық кеңістікте мен жайлы тағы бір жалған мәлімет тарады. Бүгін ұсталған, Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы Арман Әбдешовке қатысты кейбір дереккөздер таратқан ақпаратты жоққа шығарамын.
Оның "менің адамым" екендігі жөніндегі кез келген мәлімдемелердің ешқандай негізі жоқ. Менің оған еш қатысым жоқ. Ол бұл лауазымға мен әкімдікке келгенге дейін тағайындалған. БАҚ өкілдері мен арна авторларын жариялар алдында деректерді мұқият тексеріп, халықты адастырмауға шақырамын", - деген жазба қалдырды әкімінің орынбасары.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2275380-ogan-esh-qatysym-zhoq-berdenov-akimdiktegi-ariptesining-ustaluyna-qatysty-pikir-bildirdi/