jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Астанада LRT жолақысы шамамен қанша теңге болатыны айтылды

LRT вагонының іші
LRT вагонының іші. Фото: CTS баспасөз қызметі

Астанада LRT іске қосылмаса да, жолақысы шамамен қанша теңге болатыны белгілі болды. Елорда әкімі жүріп-тұру құны 200 теңгеден аспайды деп отыр. Бұл туралы "КТК" арнасы хабарлады.

Қыркүйекте барлық рельс төселіп, техникалық сынақтан өткізіледі. Содан кейін ғана толық іске қосылатын нақты күні белгілі болмақ. Әдетте сынақ мерзімі үш айдан алты айға дейін созылады.

Айта кетейік, LRT құрылысын қытайлық компания аяқтап жатыр. Енді халықаралық серіктестіктің көмегімен астаналықтар заманауи қоғамдық көлікпен қаңтар-ақпаннан бастап қатынауы мүмкін.

"Қыркүйек айында алғашқы құрамды тестілеу іске қосылады. Соның қорытындысы бойынша, оның нақты қашан толық жұмысқа кірісетіні белгілі болады. Әдетте тестілеу кезеңі алты айға дейін созылады. Жоба аясында болжамды сома ретінде 200 теңгеге дейінгі мөлшер қарастырылған. Ал нақты түпкілікті сома жыл соңына дейін анықталады", - дейді Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Дереккөз: "КТК" арнасы

Астанада LRT жолақысы шамамен қанша теңге болатыны айтылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.