jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматыдағы әскери бөлімде төрт бірдей егіз жұп отан алдындағы борышын өтеп жатыр

Егіздер
Егіздер. Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Алматы қаласында орналасқан ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімінде бір мезетте төрт бірдей егіз жұп мерзімді әскери қызметін өтеп жатыр. Бұл Ұлттық ұлан тарихында алғаш рет кездесіп отыр, деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, әдетте бір шақырылымда егіздер жұбының азаматтық борышын өтеуінің өзі сирек жағдай. Ал бір бөлімде төрт жұптың қатар қызмет етуі – Ұлттық ұландағы ерекше оқиға.

Әскери бөлімге ең бірінші болып Түркістан облысынан Нұрасыл мен Ерасыл Жамалхан келген. Көп ұзамай олардың қатарын Ерасыл мен Нұрасыл Үйсінбай толықтырған.

Егіздер
Егіздер. Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

"Екі Ерасыл мен екі Нұрасылдың бір бөлімде қатар қызмет етуі – әскерилердің өзі үшін тосын жағдай болды. Командирлер олардың түрін ажыратуда кейде қиналатынын жасырмайды, алайда сарбаздар мұны әзілмен қабылдайды. Бүгінде қос Нұрасыл мен қос Ерасыл мегаполистің қоғамдық тәртібін сақтау бойынша патрульдік қызмет атқарып жүр", - дейді Ұлттық ұлан өкілдері.

Егіздер
Егіздер. Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Шымкенттен шақырылған Ердәулет пен Бақдәулет Төленовтер де әскери ұжымда ерекше ықыласқа ие. Оларды да жиі шатастырып жататын көрінеді. Бірде командир Ердәулетке тапсырма беріп, оның орындалу есебін Бақдәулеттен қабылдағанын байқамай қалған. Егіздердің айтуынша, бірге қызмет ету жеңіл, себебі олар бір-бірін сөзсіз түсінеді.

Егіздер
Егіздер. Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Ерекше төрттікті түйіндейтін соңғы жұп – Жезқазғаннан келген Салман мен Магомед Урузбиевтер. Олардың әскерге бірге келуі бауырмалдықтың жарқын үлгісіне айналған. Магомедтің әскерге шақырылғанын білген Салман да бауырының қасында болуды жөн көріп, қатар қызмет етуге бел буған. Қазір олар бір сапта жүріп, жауынгерлік міндеттерін атқарып келеді.

Егіздер
Егіздер. Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

"Төрт егіз жұптың оқиғасы – әскердегі тәртіптің, өзара түсіністіктің және нағыз бауырмалдықтың үлгісіне айналып қана қоймай, Ұлттық ұланның тарихында ерекше із қалдырары сөзсіз", - дейді Ұлттық ұлан өкілдері.

Егіздер
Егіздер. Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Алматыдағы әскери бөлімде төрт бірдей егіз жұп отан алдындағы борышын өтеп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.