jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Жетісуда 83 жастағы қария тауда адасып кетті (видео)

Дронмен іздеу
Дронмен іздеу жұмыстары. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

Жетісу өңірінде 83 жастағы зейнеткер тауда адасып кетті, қуанышқа орай, құтқарушылар оны тауып алды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін Жетісу облысы Панфилов ауданындағы Сарыбел ауылынан 35 шақырым жердегі "Қылдыққарағай" учаскесінде 1942 жылы туған азаматты табу мақсатында жедел-іздестіру шаралары басталды. Ол 28 тамызда үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған", - делінген ведомство хабарламасында.

Іздеу жұмыстарына ТЖМ күштері жұмылдырылып, дронның көмегімен аумақты шолу жүргізілді.

Көп ұзамай іздестіру тобы Сарыбел ауылынан 15 шақырым жердегі таулы жерден қарт адамды тапты.

Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады, үйіне жеткізілді.

Жетісуда 83 жастағы қария тауда адасып кетті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.