jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанда заманауи жеті стадион салынады

Футбол қақпасы
Футбол қақпасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов парламент кулуарында елімізде үлкен стадиондар салу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, Алматыда жаңа стадион салу жоспары бар.

"Сонымен қатар жеті қаладағы жеті стадионның құрылысына жобалық-сметалық құжаттар жасалды. Қызылордада УЕФА стандарты бойынша үшінші санатқа сай келетін стадион күзде аяқталады", - деді ол.

Олардың құрылысына қанша қаражат қарастырылатыны әзірге белгісіз.

"Стадиондардың қанша тұратыны жобалық жұмыстар жүргізілгеннен кейін белгілі болады. Бүгінде мемлекет басшысы шетелдегі жеке клубтарды үлгі ете отырып, стадиондар бюджеттен қаржыландырылмайды деген міндет қойды", - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда халықаралық деңгейдегі заманауи стадион бой көтеретінін хабарлағанбыз. Қала әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында жоба барысымен танысқан еді.

Қазақстанда заманауи жеті стадион салынады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.