Түркістан облысы білім саласының қызметкері президент жолдауына қатысты
Жарияланған күні:
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауы өтті. Маңызды шараға Түркістан облысынан білім саласының қарапайым қызметкері Раушан Құдайбекқызы арнайы қатысып, президент көтерген мәселелер еліміздің келешегі үшін аса маңызды екендігін жеткізді, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызмет.
"Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың: "Жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыра түсу – мемлекеттің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі" деген сөзі әрбір өндірістік салада қызмет етіп жүрген ұстаздар мен мамандардың жүрегінен шыққан ой деп білемін. Шын мәнінде бүгінгі күнде еліміздің дамуы мен экономикасының тұрақтылығы – нақты салаларда еңбек етіп жүрген жұмысшы мамандардың қолында. Жастардың өндірістен қашпай, өз мамандығы бойынша еңбек етуі – елдің дамуына қосқан үлесі.
Біз ұстаздар қауымы сол мамандарды даярлаудың алдыңғы шебінде тұрмыз. Әр шәкірттің қолына берілген кәсіби дағды оның болашақтағы табысының кепілі ғана емес, мемлекетіміздің өркендеуіне қосылған үлесі. Еңбек адамының мәртебесін көтеру тек мемлекет міндеті ғана емес, әрқайсымыздың жүрегіміздегі миссия. Сол себепті президенттің бастамасы – жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып қана қоймай, жастардың болашағына бағыт-бағдар беретін үлкен тарихи қадам деп есептеймін", - деді Раушан Құдайбекқызы.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2283843-turkistan-oblysy-bilim-salasynyng-qyzmetkeri-prezident-zholdauyna-qatysty/