jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

"Қазақтелеком" АҚ Woosong University Kazakhstan-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

"Қазақтелеком" АҚ
Фото: "Қазақтелеком" АҚ

"Қазақтелеком" АҚ және Woosong University Kazakhstan Білім беру бағдарламаларын дамытып, жас мамандарды қолдау және бірлескен зерттеу жобаларын енгізуге бағытталған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Университетпен әріптестік студенттерге "Қазақтелеком" АҚ-да дуальды оқыту мен тәжірибеден өтуге, компанияның озық цифрлық шешімдерімен танысып, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы жобаларға қатысуға мүмкіндік береді. Әлеуеті жоғары студенттер үшін одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігі қарастырылған.

Ержан Мейрамов және Джонг Ольг Хва қол қойды
Фото: "Қазақтелеком" АҚ

Сондай-ақ, цифрлық технологиялар саласындағы білікті мамандарды даярлауға бағытталған бірлескен семинар, конференция мен білім беру бастамаларын өткізу жоспарланған.

Құжатқа "Қазақтелеком" АҚ Бас әкімшілік директоры Ержан Мейрамов және WOOSONG University Kazakhstan әкімшілік мәселелер жөніндегі деканы Джонг Ольг Хва қол қойды.

“Қазақтелеком” АҚ Woosong University Kazakhstan-мен Меморандум
Фото: "Қазақтелеком" АҚ

"Біз үшін Қазақстанның цифрлық экономикасын өрге итермелейтін болашақ мамандарды даярлауға инвестиция салу маңызды. Университетпен ынтымақтастық инновацияларды дамыту және жастардың кәсіби өсуі үшін берік база құра отырып, компанияның академиялық әлеуеті мен тәжірибесін біріктіруге мүмкіндік береді", - деп атап өтті Ержан Мейрамов.

"Қазақтелеком" АҚ Woosong University Kazakhstan-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.