jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Бүгіннен бастап Қазақстанда ақылы жолдардың ақауы бар учаскесінде төлем алынбайды

Автожол
Автожол. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Бүгіннен бастап еліміздегі ақылы жолдардың ақауы бар учаскесінде жол жүру ақысы тегін, деп хабарлайды Көлік министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда төлем ережелері өзгерді. Қазіргі уақытта елімізде барлығы 27 ақылы жол бар.

Ақылы автожолда жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеуді талап етіп тұрған жол учаскесі болса, дәл сол аралық үшін жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін төлемақы алынбайды.

Мысалы, егер ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 100 шақырымды құраса, оның 5 шақырымы жөндеуді талап етсе, онда жол бойындағы ақаулар жойылғанға дейін жүргізушілер тек 95 шақырым жол үшін ғана ақы төлейді", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, ұлттық оператор жолдардың жағдайын үнемі бақылайды. Әр жүргізуші ақау туралы тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөміріне қоңырау шалып, хабарлай алады.

Жаңа ереже республикалық және халықаралық маңызы бар барлық ақылы жолға қатысты.

Бүгіннен бастап Қазақстанда ақылы жолдардың ақауы бар учаскесінде төлем алынбайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.