jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

"Қар түссе не болады": Алматы көшелерінде 10 балдық көлік кептелісі тіркелді

Көлік кептелісі
Көлік кептелісі. Фото: Pixabay.com

Бүгін кешке Алматы көшелерінде 10 балдық көлік кептелісі тіркелді. Жаңбыр жауып, ауа райының бұзылуына орай оңтүстік астана жолдарындағы жағдай да ушықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2ГИС қосымшасының ақпаратына сәйкес, 19:20-дағы жағдай бойынша Алматы көшелеріндегі кептеліс 10 балға бағаланып отыр. Қаланың орталық көшелері мүлдем қозғалыссыз қалды.

"Эх, Алматы", "Қай бағыттарда кептеліс жоқ? Кім біледі?", "Бұл тек жаңбыр ғана, қар түссе не болады?", "Жаңбыр жауып еді, қала қозғалыссыз тұрып қалды", "Бұл мәселе қашан өз шешімін табар екен", "Жылдан жылға жағдай тек ушығып жатыр", "Қар түссе не болатынын ойлағым да келмейді", , - деп жазуда көлік жүргізушілері.

Оған қоса қалада бірқатар жол-көлік оқиғасы орын алған.

Алматыдағы көлік кептелісі
Алматыдағы көлік кептелісі. Скриншот: 2GIS.KZ

"Қар түссе не болады": Алматы көшелерінде 10 балдық көлік кептелісі тіркелді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.