jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Астана әкімдігі Backstreеt Boys концертіне баратын тұрғындарға үндеу жасады

Backstreet Boys
Фото: instagram.com/backstreetboys

Елорда әкімдігі 21 қыркүйек күні Backstreet Boys концертіне баратын көрермендердің ыңғайлылығы үшін арнайы автобустар қатынайтынын хабарлады. Қоғамдық көліктер көрермендерді концерт өтетін стадионға жеткізеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астана әкімдігі Backstreet Boys концерті алдында елорда тұрғындарына маңызды жаңалықты хабарлады. Белгілі болғандай, 21 қыркүйек күні әлемге әйгілі топтың концерті өтетін "Астана Арена" стадионына көрермендер үшін арнайы автобустар ұйымдастырылмақ.

Көрермендерді жеткізу сағат 16:00-ден бастап бес аялдамадан басталады:

  • "Астаналық цирк" автотұрағы;
  • "Әзірет Сұлтан" мешітінің автотұрағы;
  • "Қазақстан" спорт кешені (Қ.Сәтбаев көшесі) алдындағы автотұрақ;
  • Орталық саябақ автотұрағы;
  • "Бас мешіт" алдындағы автотұрақ.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, қосымша шаттл-маршруттардың ұйымдастырылуы жолдағы көлік кептелісін азайтып, қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.

Астана әкімдігі Backstreеt Boys концертіне баратын тұрғындарға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.