jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Түркістандық оқушылар сабақ барысында ұялы телефон қолданудан бас тартты

телефон сақтайтын қорапша
Телефон сақтайтын қорапша. Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Енді Түркістан қаласындағы бірқатар білім беру ұйымында оқушылар сабақ барысында ұялы телефон қолданбайды, деп хабарлайды облыс әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, бұл бастаманы Түркістан қалалық білім бөлімі қолға алып, "Смартфонсыз мектеп" жобасын ұсынған.

"Ұсынысқа ата-аналардан бастап, ұстаздар мен балалар ерікті түрде келісім беріп, құптап отыр. Мектеп қабырғасына келген әр сыныптағы оқушыларға бөлек телефон сақтайтын қорапша әзірленген. Білім алушылар телефонды сабақтан тыс, үзілістерде пайдалана алады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ хабарламада басты мақсат – білім сапасын арттыру, оқушылардың ойлау қабілеті мен психологиялық денсаулығына оң әсер ету, бір-біріне деген қарым-қатынасты жақсартып, бос уақытты тиімді пайдалана білу екені айтылған.

"Осындай нақты ережелер мен бақылау шараларын енгізу смартфондардың білім беру ортасына тигізетін зиянын азайтып, сапалы білім мен тәрбиеге назар аударуға орасан ықпал етпек. Бір қарағанда қарапайым мәселе боп көрінгенімен, бұл жоба болашақ ұрпақ үшін өте маңызды қадам!" - делінген хабарламада.

Түркістандық оқушылар сабақ барысында ұялы телефон қолданудан бас тартты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.