jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Арыстық спортшы 842 сатыдан тұратын баспалдақ арқылы 100 келілік мүсінді көтеріп шығып, рекорд орнатты

Азамат Мақұлбеков
Азамат Мақұлбеков. Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан облысының тұрғыны Азамат Мақұлбеков "Медеу" мұз айдынындағы баспалдақ арқылы 100 келілік өгіз мүсінді көтеріп шығып, Қазақстанның КИнЭСК рекордтар кітабына кірді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әкімдіктің мәліметінше, Арыс қаласының тұрғыны Азамат Мақұлбеков бұған дейін V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының алыптар сайысында жеңімпаз атанып, ел мерейін үстем еткен.

Сондай-ақ 40 келілік қошқарды 3555 рет отырып-тұрып көтеріп, Қазақстанның рекордтар кітабына енген.

Енді спортшы жаңа биікті бағындырған. Ол Алматыдағы әйгілі "Медеу" мұз айдынындағы 842 сатыдан тұратын баспалдақ арқылы 100 келілік өгіз мүсінді 34 минут 28 секундта көтеріп шығып, Қазақстанның КИнЭСК рекордтар кітабына ресми түрде тіркелген.

Азамат Мақұлбеков
Азамат Мақұлбеков. Фото: Түркістан облысының әкімдігі

"Бұл оның еңбектің, табандылықтың және шынайы ерік-жігердің үлгісін көрсеткен кезекті жетістігі болды", - делінген хабарламада.

100 келілік өгіз мүсін
100 келілік өгіз мүсін. Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Бұл шараға Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров арнайы келіп, спортшыға сәттілік тілеп, қолдау көрсеткен.

Азамат Мақұлбеков
Азамат Мақұлбеков. Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Сонымен қатар Қазақстанның КИнЭС рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков, республикалық Qazaqstan және Qazsport телеарналарының тілшілері де қатысқан.

Арыстық спортшы 842 сатыдан тұратын баспалдақ арқылы 100 келілік мүсінді көтеріп шығып, рекорд орнатты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.