jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

"Мердігерлер шығынды өтеуге міндетті": Алматы әкімі нөсерден кейінгі қаладағы жағдайға пікір білдірді

Дархан Сатыбалды қаланы аралауда
Дархан Сатыбалды қаланы аралауда. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Оңтүстік астананың әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындардан көптеген шағым түскен бірқатар проблемалық нысандарды аралап, мердігерлер нөсерден кейін мүлкі бүлінген тұрғындарға шығынды өтеуге міндетті екенін жеткізді. Бұл туралы Алматы әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, қала әкімі проблемалық нысандарды аралап шығып, инженерлік желілер, жол инфрақұрылымы және қала тұрғындарының қауіпсіздігі мәселелері өз бақылауында екенін атап өтті.

Бостандық ауданындағы Ерменсай шағынауданында әкім нөсер жауыннан кейін бүлінген инженерлік желілерді қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетуді талап етіп, аталған жұмыстарды желтоқсанға дейін толық аяқтауды және күн сайын сапасы мен мерзімін тексеруді тапсырды.

Үлкен Алматы өзенінің арнасын қайта құру барысында гранит плиталарын пайдалану кезінде заңбұзушылықтар мен даулы жайттар анықталды. Дархан Сатыбалды мердігерлерден түсініктеме беруді талап етіп, құрылыс заңнамасын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті. Әкім бұл нысанның құқық қорғау органдарының қатысуымен жеке бақылауда болатынын ескертті.

Әуезов ауданындағы Аманжол көшесінде 16 қыркүйекте жол төсемі опырылып, 13 автокөлік зақымданды. Осыған байланысты әкім мерзімнің созылып кеткенін еске салып, мердігерге зардап шеккен тұрғындарға келтірілген шығынды өтеуді міндеттеді.

Дархан Сатыбалды қаланы аралауда
Дархан Сатыбалды қаланы аралауда. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Дархан Сатыбалды барлық проблемалық нысан әкімдіктің ерекше бақылауында екенін атап өтті.

"Жұмыс сапалы әрі уақытында орындалуға тиіс. Бақылау қатаң болады, мердігерлер толық жауап береді және тұрғындарға келген шығынды өтеуге міндетті", — деді қала әкімі.

Алматы әкімдігі инженерлік желілерді қайта жаңарту, төтенше жағдайдың салдарын жою және қалалық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда.

"Мердігерлер шығынды өтеуге міндетті": Алматы әкімі нөсерден кейінгі қаладағы жағдайға пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.