jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

"Қатаң бақылау": Көлік министрлігінің өкілдері Ресеймен шекарадағы кептелістің себебін түсіндірді

Шекарадағы ұзын-сонар кезек
Шекарадағы ұзын-сонар кезек. Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан мен Ресей шекарасында ұзын-сонар кезек қалыптасты. Кептеліс орнына арнайы барған шенеуніктердің ақпаратынша, бұл жағдайға Ресей Федерациясының тарапынан бақылау шараларының қатаңдатылуы себеп болып отыр, деп Көлік министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша, мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Көлік министрлігі өкілдері Шекара қызметімен бірлесіп, РФ-мен мемлекеттік шекара арқылы өтуге жағдай жасайтын, әрі елдің көлік-логистикалық жүйесінде стратегиялық маңызға ие автомобиль өткізу пункттеріне іс-сапар жасады.

Оның барысында өткізу пункттерінің инфрақұрылымы, автокөлік қозғалысына арналған жолақтар, тексеру алаңдары, сондай-ақ азаматтар мен қызметкерлерге қызмет көрсетуге арналған ғимараттар мен нысандар жан-жақты тексерілді.

"Тексеру нәтижесінде бірқатар өткізу пункттерінде, әсіресе жүк көліктерінің Ресей Федерациясы бағытына қарай шығатын бейтарап аймақта жиналуы анықталды. Бұл кезектің қалыптасуына, өткізу рәсімдерінің баяулауына және жүргізушілер үшін қосымша уақыт шығынына әкелуде.

Аталған жағдайға Ресей Федерациясы тарапынан бақылау шараларының қатаңдатылуы себеп болып отыр. Атап айтқанда, жүктерді тексеру рәсімдері күшейтілген, көлік құралдарын қарау уақыты ұлғайтылған, сондай-ақ құжаттарды тексеру мен санитарлық және фитосанитарлық талаптардың сақталуын бақылауға қосымша шаралар енгізілген", - делінген ресми хабарламада.

"Қатаң бақылау": Көлік министрлігінің өкілдері Ресеймен шекарадағы кептелістің себебін түсіндірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.