jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Шымкентте жеңіл өнеркәсіп мамандарына арналған пресс-тур өтті

Шымкентте жеңіл өнеркәсіп мамандарына арналған пресс-тур өтті
Шымкентте жеңіл өнеркәсіп мамандарына арналған пресс-тур өтті. Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Шымкент қаласында жеңіл өнеркәсіп саласының мамандарына арналған арнайы пресс-тур ұйымдастырылды. Шараның орны – жеңіл өнеркәсіп және сервис саласында кадрлар даярлайтын жетекші оқу орны – Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі, деп хабарлайды Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы.

Пресс-турдың негізгі мақсаты – колледждің білім беру мүмкіндіктерін, түлектердің жетістіктерін және қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды таныстыру болды.

Шымкентте жеңіл өнеркәсіп мамандарына арналған пресс-тур өтті
Шымкентте жеңіл өнеркәсіп мамандарына арналған пресс-тур өтті. Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Іс-шара барысында қатысушылар алдымен колледж басшылығымен кездесті. Колледж директоры Гүлмира Жапбарқызы баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, білім беру мекемесінің әлеуеті туралы кең көлемде ақпарат ұсынды. Ол оқу орнының жоғары деңгейдегі мүмкіндіктерін атап өтті.

Шымкентте жеңіл өнеркәсіп мамандарына арналған пресс-тур өтті
Шымкентте жеңіл өнеркәсіп мамандарына арналған пресс-тур өтті. Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

"Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі – Шымкент қаласында жеңіл өнеркәсіп саласына мамандар даярлайтын базалық оқу орны. 2017 жылы біз "Үздік колледж" номинациясын жеңіп алдық. Қазіргі таңда оқу процесі үш корпус бойынша жүргізіледі. Барлық ғимарат санитарлық талаптарға сай жабдықталған және 558 орындық оқу кабинеттері бар. Колледжде 9 оқу шеберханасы мен 10 құзыреттілік орталығы заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Студенттеріміз 2014 жылдан бері дуальды оқыту жүйесі бойынша білім алуда, оның 40 пайызы – теориялық, 60 пайызы – өндірістік тәжірибе. Қазіргі кезде 527 студент дуальды жүйеде білім алуда. Сонымен қатар біз Шымкент қаласының 35 кәсіпорнымен серіктестік орнатып, түлектердің еңбек нарығына тікелей шығуына мүмкіндік береміз", – деді ол.

Шымкентте жеңіл өнеркәсіп мамандарына арналған пресс-тур өтті
Шымкентте жеңіл өнеркәсіп мамандарына арналған пресс-тур өтті. Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Жиын барысында студенттердің авторлық үлгілерінен тұратын сән көрсетілімі ұйымдастырылып, қатысушыларға колледждің шығармашылық мүмкіндіктері таныстырылды. Сондай-ақ Coworking алаңы мен жастарға арналған заманауи шығармашылық кабинеттер көрсетілді. Колледжде қолданылатын құрал-жабдықтардың қатарында жапондық JUKI, Kanzai, италиялық Rotondi және түркиялық Özbilim брендтері бар, олардың барлығы WorldSkills стандарттарына сәйкес келеді. Бұл білім беру үрдісінің сапасын арттыруға үлкен септігін тигізеді.

Пресс-турдың екінші бөлімінде қатысушылар "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағындағы Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің Құзыреттілік орталығына барды. Мұнда "Сән технологиясы" бойынша республикалық дайындық алаңының жұмысымен танысты. Қонақтар заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған орталықтың мүмкіндіктерін көріп, студенттердің тәжірибелік сабақтарын бақылады.

Сонымен қатар баспасөз өкілдері колледждің серіктес кәсіпорындарын аралап, олардың өндірістік үрдісімен танысты. Алдымен "АГФ" тігін фабрикасының жұмысы таныстырылып, киім тігу технологиялары мен студенттердің өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктері көрсетілді. Кейін "Назар-Текстиль" кілем фабрикасында өндірістік қуат, өнім сапасы және экспорттық әлеует жайлы ақпарат берілді.

Айта кету керек, колледж студенттері халықаралық аренада да үлкен жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Олар WorldSkills, EuroSkills және Abilympics чемпионаттарының жеңімпаздары атанып, 2024 жылы Франциямен бірлесіп халықаралық салалық аккредитациядан өткен. Түркиядағы колледждер және "Денизли" индустриялық аймағымен серіктестік байланыстар орнатылған. Бүгінде студенттердің 10 стартап жобасы жүзеге асырылып, оған 40-қа жуық жас қатысуда. Арнайы білім беру қажеттіліктері бар студенттер де Abilympics чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болып жүр.

Шымкентте жеңіл өнеркәсіп мамандарына арналған пресс-тур өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.