jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Үкімет өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора өсімдігінің сорттарын бекітті

сора жапырағы
Сора жапырағы. Иллюстрациялық фото: Getty Images/ Nathan Griffith

Қазақстан үкіметі өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора өсімдігінің сорттарын бекітті. Тиісті қаулы бүгін үкіметтің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының заңы 22-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігінің сорттары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі", - делінген үкімет қаулысында.

Рұқсат етілген сора өсімдігінің сорттары туралы ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады.

Үкімет өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора өсімдігінің сорттарын бекітті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.