jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Екі аттың үстінде тік тұрып шапқан қазақ шабандозы әлемдік рекорд орнатты

Ернар Жасұзақ
Ернар Жасұзақ. Фото: instagram.com/globalrecordsbook_jbr

Қазақ шабандозы Ернар Жасұзақ екі аттың үстінде тік тұрып, 2 шақырымды сағатына 60 км жылдамдықпен шауып өтіп, әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы Kazinform агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақпарат агенттігінің жазуынша, бұл өнері үшін Ернар Жасұзақ Дүниежүзілік рекордтар кітабының GBR кейіпкері атанып, Қазақстанның ат спорты тарихына жаңа белес қосқан. 

Ернардың айтуынша, осы рекордты орнату үшін үш айдан аса уақыт дайындалған. Бірталай қиындықпен де бетпе-бет келген.

"Ең әуелі аттарымыз қиналды. Аяқтары ауырған кездер болды. Сәтсіз жағдайлардың кесірінен аттан да құладым. Тұра да алмай қалдым. Бірақ алға қойған мақсатыма ұмтылып, сол қиындықтың бәрін еңсеру үшін бар күш-жігерімді салдым", - дейді рекордсмен.

Ернар жаңа рекордты бір дегеннен-ақ сәтті орындаған. 20 қыркүйек күні оған тек екі мүмкіндік берілген.

"Бірақ бірінші мүмкіндіктен алып шықтық. Десе де оған дейін қаншама сәтсіз тәжірибелер болды ғой. Бұл белеске жету оңай болған жоқ. Қауіпсіздік шараларын да ескердік. Бірақ аттың үстінде тұрғанда бар жауапкершілік тек менде болады. Екі аттың балансын бірдей етіп ұстап отыру, екі аттың үстінде тұрғанда басқа жаққа ауып кетпеу, аттардың басқа бағытқа келіп қалмауы, барлығы тек маған байланысты", - дейді шабандоз.

Ол келесі жылы тағы да бір рекорд орнатуға ниетті.

Екі аттың үстінде тік тұрып шапқан қазақ шабандозы әлемдік рекорд орнатты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.