jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматы зираттарында 9-10 жылдан кейін бос жер қалмайды: әкімдік мәселені қалай шешіп жатыр

зират
Зират. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда адам жерлейтін орын азайып барады. Қазір қаладағы 9 зиратта ғана жер қалған. Бірақ ол 10 жылға ғана жетеді. Енді әкімдік зират үшін жерді іргедегі ауылдардан іздеп көрмек, деп хабарлайды 31 арна.

Телеарна тілшісінің хабарлауынша, жуырда Алматыда марқұмдарды жерлейтін жер қалмауы мүмкін. Қала аумағында жалпы 70 зират болса, қазір соның 61-інде орын жоқ. Олар тіпті әкімдіктің шешімімен жабылып та қалған.

Телеарна таратқан ақпаратқа сүйенсек, Алматыда бейіттен бір адамға 6 шаршы метрден артық жер берілмейді. Алайда бұлай шектегеннің өзінде зиратта орын тапшы. Әкімдік өкілінің айтуынша, қорымның көбі тіпті 15-20 жыл бұрын толған. Енді 7-10 жылға ғана жететін 9 зират қалды.

Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары:

"Өздеріңізге белгілі Кеңсай, Батыс, сонымен қатар қаланың төмен жақтарында орналасқан зираттар бар. Жалпы сол зираттардағы бос жерлерді алғанда бүгінде 63 гектар бос жер бар", - дейді Ғалымжан Әбдішүкірұлы.

Басқарма өкілінің айтуынша, бүгінде Алматы мен Алматы облысы әкімдігі бірлесіп қала сыртынан жер бөлуді қарастырып жатыр. Ауылдың бірінен зиратқа орын табылса, ол аумақ мегаполистің қарамағында болады. Бірақ бұған алматылықтардың өзі алаңдаушылықпен қарайды. Облыстан Алматының зиратына алынатын жер көлемі әзірге айтылмады.

Телеарна мәліметінше, қазір қала аумағында адам жерлеудің ресми құны 60 мың мен 100 мың теңге аралығында. Әкімдік өкілінің сөзіне сенсек, бұл қабір қазудың ақысы және ол мемлекет қазынасына түседі.

Алматы зираттарында 9-10 жылдан кейін бос жер қалмайды: әкімдік мәселені қалай шешіп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.