Жетісуда полицейлер 13 көлікті тоқтатып, жүргізушілеріне тынығып алғанша жолға шығуға тыйым салды
Жарияланған күні:
Жетісу облысында "Ұйқылы жүргізушілерге қарсы" рейд өтті. Рейд кезінде Өскемен – Талдықорған бағыты бойынша 13 көлік тоқтатылып, жүргізушілерге уақытша жолға шығуға тыйым салынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жетісу облысы Алакөл ауданының полицейлері облыстық патрульдік полиция батальонымен бірлесіп республикалық маңызы бар автожолда арнайы профилактикалық іс-шара өткізді. Рейдтің негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, ұзақ жолда шаршаған әрі ұйқылы жүргізушілерді анықтап, олардың әрі қарай қозғалуына жол бермеу.
Тексеру барысында полицейлер жүргізушілерге міндетті түрде демалудың маңыздылығын түсіндіріп, ыстық шай ұсынып, қауіпсіздіктің басты қағидаларын еске салды.
Рейд кезінде Өскемен – Талдықорған бағыты бойынша 13 көлік тоқтатылып, жүргізушілерге уақытша жолға шығуға тыйым салынды. Бұл шараға түсіністікпен қараған жүргізушілер полицейлердің бастамасын қолдап, олардың жұмысына ризашылығын білдірді.
Жетісу облысының Полиция департаменті ұзақ сапарға шықпас бұрын толық тынығып алуды, жол ережесін мүлтіксіз сақтауды, өз өмірі мен жолаушылардың қауіпсіздігін басты назарда ұстауды сұрайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2290383-zhetisuda-politseiler-13-kolikti-toqtatyp-zhurgizushilerine-tynygyp-algansha-zholga-shyguga-tyiym-saldy/