jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

SCAT әуекомпаниясы тағы бір жаңа ұшақпен толықты (видео)

Boeing 737 MAX 8 әуе кемесінің іші
Boeing 737 MAX 8 әуе кемесінің іші. Фото: Көлік министрлігі

SCAT әуекомпаниясының флоты тағы бір жаңа Boeing 737 MAX 8 әуе кемесімен толықты. Бұл әуе компанияның осы үлгідегі он бірінші ұшағы, деп хабарлайды Көлік министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Министрліктің мәліметінше, SCAT ішкі және халықаралық әуе рейстерін орындау үшін 35 заманауи ұшақты қолданады.

Жаңа Boeing 737 MAX 8 биыл елге жеткізілген үшінші әуе кемесі. Жыл соңына дейін әуекомпания флоты осы үлгідегі тағы бір ұшақпен толығады деп күтіліп отыр.

Boeing 737 MAX 8 халықаралық стандарттарға сәйкес жоғары экологиялық тиімділікке ие.

Әуекомпаниясының хабарлауынша, жаңа Boeing 737 MAX 8 ұшағы Шымкент халықаралық әуежайына келіп қонған.

SCAT әуекомпаниясы тағы бір жаңа ұшақпен толықты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.