"Қазгидромет" бес қаланың тұрғындарын абай болуға шақырды
Жарияланған күні:
27 қыркүйекте Қазақстанның бес қаласында ауаның ластану деңгейі артады. Осы орайда "Қазгидромет" синоптиктері бес қаланың тұрғындарын абай болып, ашық ауада ұзақ уақыт жүрмеуге шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктер болжамына сәйкес, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Атырау және Алматы қалаларында күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тынық ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі, олар зиянды (ластаушы) заттардың атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуына ықпал етеді.
ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада жүру уақытын қысқарту ұсынылады, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында. Ал өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық дерттері бар адамдар ашық ауада жүргенде өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруге тиіс.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2291127-qazgidromet-bes-qalanyng-turgyndaryna-eskertu-zhasady/