Астанада жылу беру маусымы басталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астана әкімдігі бүгін, 28 қыркүйектен бастап қаладағы тұрғын үйлер мен қоғамдық нысандарға жылу беріле бастағанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Астана әкімдігі мәліметінше, қалада ауа температурасының төмендеуіне байланысты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары басталды.
"Бұған дейін әлеуметтік нысандар — мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер — өтінімдеріне сәйкес жылумен қамтамасыз етілген болатын.
Қаладағы барлық нысанды жылуға қосу алдағы күндері кезең-кезеңімен жүзеге асырылады", - делінген әкімдік хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысында жылу беру маусымы басталғанын жазған едік. Ең алдымен жылу балабақша, мектеп, аурухана сынды әлеуметтік нысандарға берілді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2291282-astanada-zhylu-beru-mausymy-bastaldy/