jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстан облыстарының бірінде жасы ғасырдан асып кеткен 22 адам тұрады

Қарттар
Қарттар. Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Жетісу облысында жасы ғасырдан асып кеткен 22 адам тұрады. Бұл туралы Жетісу облысының әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сенсек, аймақтағы ең ересек кейуананың жасы биыл 108-ге толды, ол Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек кентінде тұрады.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы таратқан мәліметтерге қарағанда, ғасыр жасағандардың басым бөлігі Панфилов ауданында тіркелген. Яғни жасы 100-ге жеткен және одан да асқан 11 адам жазиралы Жаркент өңірінде өмір сүріп жатыр.

Одан кейінгі орынды 5 адам тіркелген Талдықорған қаласы еншілейді. Ғасыр көрген қарттардың арасында биыл жасы 101-ге келген Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, майдангер Ысқақ Құсайынов бар. Кербұлақ ауданында 3, Ескелді ауданында 2, Қаратал ауданында 1 қария тіркелген. Олардың ішіндегі ең үлкені есептелетін қариялар Кербұлақ және Панфилов аудандарында тұрады. Олар 108 және 107 жаста.

Халықаралық қарттар күніне орай Жетісу облысында 1-10 қазан аралығында егде жастағы қарттарды қолдауға және құрмет көрсетуге арналған бірқатар шара өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, аймақтағы емханалар мен музейлерге "Ашық есік күні" акциясы, түрлі қайырымдылық, мәдениет шаралары, қарттар үйлерінде кездесулер, әдеби-танымдық кештер өткізу көзделген.

Облыс мектептерінде "Атаның сөзі, ақылдың көзі" атты сынып сағаттары өтіп, аймақтың ерікті жастары жалғыз басты 2500 қарттың үйінің аулаларын тазалауға қатысады. Сондай-ақ спорт ардагерлері қатысатын 40-қа жуық спорттық додалар жоспарланып отыр.

Қазақстан облыстарының бірінде жасы ғасырдан асып кеткен 22 адам тұрады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.