jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Жаңбыр мен қар: Қазақстанның 16 облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды

Жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 2 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер күн райының бұзылуына орай еліміздің басым бөлігінде ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астанада 2 қазанда аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі.  Таңертең және күндіз солтүстік-батыстан жел соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

2 қазанда Ұлытау облысының оңтүстігінде және Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығын солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Түнде және күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, тау бөктеріндегі аудандарда көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі болады.

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады деп күтіледі. Батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батыстан шығысқа, оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматыда 2 қазанда түнде жауын-шашын болады деп күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Облыстың тау асуларында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында сынап бағаны 3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жаңбыр мен қар: Қазақстанның 16 облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.