jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Сұйытылған газ тапшы: Ақтөбедегі бекеттерде ұзын-сонар кезек пайда болды

Жанар-жағамай бекетінде көлікке автогаз толытырылып жатыр
Автогаз. Көрнекі фото: pierrephoto/Getty Images

Ақтөбеде тағы да автогаз тапшы. Қаладағы жанармай құю бекеттерінің көбінде сұйытылған көгілдір отын жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өзгелері газды талон арқылы сатып жатыр. Ал қолма-қол ақшаға қызмет көрсететін бірнеше орында ұзын-сонар кезек. Соның салдарынан жүргізушілер сағаттап күтуге мәжбүрміз деп налып отыр.

"Ақтөбе қаласында екі апта болды газға кезек көп. Бір-екі сағат күтіп тұрамыз", – деді жүргізуші.

"Ақтөбе бойынша газ барлық жерде жоқ. Дұрыс емес қой, өзімізден шығып жатқан газға қол жетпейді. Амал жоқ, шыдаймыз, екі сағаттап күтуге тура келеді", – деді тұрғын.

Жауаптылардың сөзінше, газ тапшылығына облыстағы 3 бірдей зауытта жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуі себеп болған. Сондықтан аймаққа жанар-жағармай қажетті мөлшерде бөлінбей, қыркүйекте 15 мың тонна сұйытылған газдың орнына шамамен 10 мыңы ғана берілген. Жергілікті билік өкілдері жақын арада жағдай тұрақталады деп сендірді.

"2 қазанда 500-ден астам тонна сұйытылған мұнай-газ көлемі жеткізілді. Оның ішінде 335 тонна автокөлікпен, қалғаны теміржол арқылы әкелінді. Сонымен қатар дефицит болдырмау мәселесіне Ақтөбе облысының әкімдігі Энергетика министрлігімен бірігіп қосымша көлем беру мәселесі пысықталған болатын", – деді Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Алмас Салықбаев.

Сұйытылған газ тапшы: Ақтөбедегі бекеттерде ұзын-сонар кезек пайда болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.