jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Экс-депутаттың қызы Қазақстаннан ғарышқа ұшатын алғашқы турист болмақ

Данна Қарақұсова
Данна Қарақұсова. Фото: Instagram.com/dannakar

Бұрынғы депутат Гүлжан Қарақұсованың қызы Данна Қарақұсова Қазақстаннан ғарышқа ұшатын алғашқы турист болмақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Blue Origin компаниясы кезекті миссиясы аясында ғарышқа ұшатын келесі экипаждың құрамын жариялады. Бұл туралы компанияның сайтында хабарланған. Экипаж құрамына алты адам кірген, оның ішінде қазақстандық Данна Қарақұсова да бар.

Компанияның сайтында жарияланған мәліметтерге сүйенсек, Даннаның медиа, дистрибуция және іс-шараларды ұйымдастыру салаларында 25 жылдан астам тәжірибесі бар және ол Portals – мультимодальды экожүйесінің тең құрылтайшысы болып табылады. Сондай-ақ сайтта оның Килиманджаро мен Эльбрусты бағындырғаны, енді ғарышты көруді ұйғарғаны жазылған.

Айта кетейік, Данна Қарақұсова бұрынғы депутат Гүлжан Қарақұсованың қызы.

Танымал блогер әрі кәсіпкер Бейбіт Әлібеков Данна Қарақұсоваға сәттілік тіледі.

"Балаларымның анасы 8 қазанда ғарышқа ұшады. Данна – Blue Origin-мен Қазақстаннан ғарышқа ұшатын алғашқы турист. Оған сәттілік тілейміз", - деп жазды Әлібеков Telegram-дағы арнасында.

Сонымен қатар экипаж құрамында франчайзинг бойынша компанияның жетекшісі Джефф Элгин, инженер-электрші дәрігер Клинт Келли III, кәсіпкер әрі зерттеуші Аарон Ньюман, украиналық бизнесмен және инвестор Виталий Островский бар.

Сондай-ақ миссияның соңына дейін аты-жөні жасырын қалғанын қалайтын экипаждың алтыншы мүшесі бар. Белгісі, ол екінші рет ғарышқа ұшқалы жатыр.

Команданың ғарышқа ұшатын күні жақын арада жарияланады.

Айта кетелік, бұл – New Shepard бағдарламасы аясындағы 15-рет ғарышқа ұшу миссиясы. Бүгінге дейін Blue Origin компаниясы 75 адамды, соның ішінде бес тұрақты клиентін ғарыштың халықаралық деңгейде мойындалған шекарасы – Карман сызығына дейін жеткізген.

РБК басылымының жазуынша, ғарышқа билет құны 250 мың доллар тұрады.

Экс-депутаттың қызы Қазақстаннан ғарышқа ұшатын алғашқы турист болмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.