jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Астанадағы ХҚКО-лардың бірінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

ХҚКО
ХҚКО. Иллюстрациялық фото: "Азаматтарға арналған үкімет"

"Азаматтарға арналған үкімет" Астанадағы ХҚКО-лардың бірінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты келушілерге маңызды хабарлама жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мемлекеттік корпорация өкілдерінің хабарлауынша, 6 қазаннан бастап Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 мекенжайында орналасқан №2 ХҚКО-ның оң қанатында жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

"Осыған байланысты қызмет көрсету залы, әлеуметтік қызметтер секторы, жеңілдік терезесі және жылдам қызмет көрсету аймағы уақытша жертөлеге көшіріледі.

Ал ғимараттың сол қанатындағы құжаттандыру, дайын құжаттарды беру және өздігінен қызмет көрсету секторы қалыпты режимде жұмыс істейді.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.

Астанадағы ХҚКО-лардың бірінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.