jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Болашақ" бағдарламасы арқылы оқығысы келетін қазақстандықтарға маңызды ескерту жасалды

студенттер
Студенттер. Иллюстрациялық фото: SeventyFour/Getty Images

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ "Болашақ" бағдарламасына қатысты алаяқтық фактілері туралы ескертеді, деп хабарлайды орталыққа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Орталықтың мәліметінше, кейінгі уақытта белгісіз тұлғалар өздерін "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ның қызметкерлері ретінде таныстырып, ақша аударуды талап ету немесе "Болашақ" және "Ғылыми тағылымдамалар" бағдарламаларына құжат тапсыру барысында ақылы "көмек" көрсетуді ұсыну жағдайлары тіркелуде.

"Барлық қызмет тек орталықтың қызметкерлері арқылы және әрдайым тегін көрсетілетінін ерекше атап өтеміз. Қызметкерлер тек @bolashak.gov.kz. домені бар корпоративтік электронды пошта мекенжайларын қолданады.

Сіздерден барынша сақ болып, бөгде адамдардың ұсыныстарына сенбеуді және тек ресми ақпарат көздеріне жүгінуді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Орталық өкілдері барлық ресми ақпарат келесі ресми ресурстарда жарияланатынын еске салды:

"Болашақ" бағдарламасы арқылы оқығысы келетін қазақстандықтарға маңызды ескерту жасалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.